Материалы за Сәуір 2026 года » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сәуір 2026 года
🌍💧 «Суды үнемде – болашақты сақта»🌍💧
30
сәуір
2026
🌍💧 «Суды үнемде – болашақты сақта»🌍💧
🌍💧 «Суды үнемде – болашақты сақта» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі мен Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің қатысуымен 10–11 сынып оқушыларына арналған эко-сағат өткізілді. 🎯 Мақсаты: суды ұқыпты пайдалану мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру 💙 Су – өмір көзі, оны бірге сақтайық! ​👁️‍🗨️​​​
Жарқын жеңіс – зор мақтаныш! 🌟
29
сәуір
2026
Жарқын жеңіс – зор мақтаныш! 🌟
Жарқын жеңіс – зор мақтаныш! 🌟   Өскемен қаласында өткен Республикалық Қанипа Бітібаева атындағы олимпиадада   180 мектеп-гимназиясының 10 «В» сынып оқушысы Тұрғынбай Маржан жүлделі III орынға ие болды 🏆   Бұл – білім мен еңбектің, табандылық пен талаптың жемісі!   Жетекшісі – білікті ұстаз, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі   Ахметова Құралай Әбдіназарқызы 🌷   Дарынды шәкіртіміз бен жетекшісін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!
«Бірлігі жарасқан ел – адал ұрпақ»
27
сәуір
2026
«Бірлігі жарасқан ел – адал ұрпақ»
2026 жылдың 27 сәуір күні №180 мектеп-гимназиясының 3 «В» сыныбында Бірлік күніне орай «Бірлігі жарасқан ел – адал ұрпақ» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараны 3 «В» сынып жетекшісі Намазбаева Кундызай Смайловна ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға халықтар достығы мен татулықтың маңызын түсіндіру, бірлік пен ынтымаққа тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру болды. Сонымен қатар, оқушылардың өзара сыйластық, достық және адамгершілік қасиеттерін дамыту
"Мамандықтар жәрмеңкесі» өтті
27
сәуір
2026
"Мамандықтар жәрмеңкесі» өтті
"МАМАНДЫҚТАР ЖӘРМЕҢКЕСІ" Іс-шараның атауы:  «Мамандықтар жәрмеңкесі»   Өткізілген күні:  24.04. 2026 жыл   Іс-шара түрі:  Кәсіби бағдар беру жәрмеңкесі Қатысқандар : 9  сынып оқушылары Мақсаты: Оқушыларға жұмысшы мамандықтар туралы ақпарат беру, олардың кәсіби бағдарын анықтауға көмектесу және еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптерді насихаттау. Жүргізілген жұмыстар:  Іс-шараға қаладағы колледж өкілдері шақырылып, оқу орындары туралы таныстырылымдар өткізілді. Оқушыларға түрлі мамандықтар
Ата-аналар жиналысы өтті
27
сәуір
2026
Ата-аналар жиналысы өтті
Ата-аналар жиналысы өтті 2026 жылдың 24 сәуір күні №180 мектеп-гимназия базасында 9 және 11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді. 🔹 Жиналыстың тақырыбы: «9,11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауы және ҰБТ-ға дайындығы» 📌 Күн тәртібінде қаралған мәселелер: * Кіріспе сөз * 9,11-сыныптарда қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі * «Кәсіптік бағдар: дұрыс таңдау – жарқын болашақ» * 2025–2026 оқу жылындағы ҰБТ тапсыру ережелері мен форматы * ҰБТ тест нәтижелері * ҰБТ-ға
🌿  "Таза Қазақстан"🌿
25
сәуір
2026
🌿 "Таза Қазақстан"🌿
🌿  "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында мектебімізде сенбілік жұмыстары өтті.   Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асып жатқан бұл шара – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, "адал адам – адал еңбек – адал табыс" құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.   👥  Мектеп ұжымы аумақты тазалап, табиғатқа деген жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.   🌱   Табиғатты аялау – әрқайсымыздың міндетіміз! 👁️‍🗨️
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
24
сәуір
2026
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына ықпалын тигізеді. Осы мәселелер бойынша 5/6-сынып оқушыларымен "Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі" тақырыбында онлайн форматта зерттеушілік әңгіме жүргізілді. Оқушылар бір-бірімен дұрыс тамақтанудың ережелері мен негізгі шарттары жайында пікір алмасты.
«Жігіт сұлтаны-2026»
24
сәуір
2026
«Жігіт сұлтаны-2026»
2026 жылдың 24 сәуір күні №1 Оқушылар үйінде аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, салт-дәстүрді дәріптеу, сондай-ақ өнерлі, білімді, жан-жақты тұлғаны қалыптастыру болды. Байқауға №180 мектеп-гимназия атынан 10 «А» сынып оқушысы Қадырхан Абзал Шалхарұлы қатысып, өз өнері мен білімін жоғары деңгейде көрсетті. Қатысушы байқау барысында белсенділік танытып, көрермендер мен қазылар алқасының көңілінен
«Талантты оқушы»
23
сәуір
2026
«Талантты оқушы»
23.04.2026 жылы #180 мектеп-гимназиясында 1-сынып оқушылары арасында «Талантты оқушы» атты байқау өтті  🎉   Байқаудың мақсаты – балалардың өнерін (ән, би, қолөнер, мәнерлеп оқу) көрсетуге мүмкіндік беру, оларды ортаға бейімдеу, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.  Сонымен қатар, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, шеберлігін шыңдау, шығармашылық қиялын еркін жеткізе білуге баулу көзделді. Бұл шара жас дарындардың өз мүмкіндіктерін танытып, өнерге деген
«Жас Құтқарушы – қауіпсіздік пен ерлік мектебі»
23
сәуір
2026
«Жас Құтқарушы – қауіпсіздік пен ерлік мектебі»
2026 жылдың 23 сәуір күні Алатау ауданында «Жас Құтқарушы» аудандық жарысы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда өз бетінше әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, шапшаңдық пен ептілікті дамыту, сондай-ақ командалық жұмыста ұйымшылдық пен жауапкершілікті арттыру болды. Жарыс барысында қатысушылар төтенше жағдай кезіндегі түрлі практикалық тапсырмаларды орындап, өздерінің дайындық деңгейін, жылдам шешім қабылдау қабілетін және
«Дәстүрлі кітап пен цифрлы технология: болашаққа бірге қадам»
23
сәуір
2026
«Дәстүрлі кітап пен цифрлы технология: болашаққа бірге қадам»
2026 жылдың 23 сәуір күні Ұлттық кітап күніне орай Американдық парламенттік форматында (АПФ) өткен «Даму CUP II» Алатау аудандық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, кітап оқудың маңыздылығын заманауи цифрлы технологиялармен ұштастыру, сондай-ақ жастардың өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізу дағдыларын қалыптастыру болды. Турнирге мектебіміздің намысын қорғап, 9-шы сынып оқушылары Әділ Айару Мадиярқызы мен Құныпия Айша Нұржанқызы