«Жас Құтқарушы – қауіпсіздік пен ерлік мектебі»
2026 жылдың 23 сәуір күні Алатау ауданында «Жас Құтқарушы» аудандық жарысы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда өз бетінше әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, шапшаңдық пен ептілікті дамыту, сондай-ақ командалық жұмыста ұйымшылдық пен жауапкершілікті арттыру болды.
Жарыс барысында қатысушылар төтенше жағдай кезіндегі түрлі практикалық тапсырмаларды орындап, өздерінің дайындық деңгейін, жылдам шешім қабылдау қабілетін және бірлескен жұмыс дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Командалар арасында өткен тартысты сайыс нәтижесінде Алатау ауданының №180 мектеп командасы III орынды иеленіп, марапатталды.
Команданың жетекшілері: Аға-тәлімгер Бақытбекова Арайлым Айдынқызы және АӘД пәнінің мұғалімі Игимбетов Серік Амангельдиевич.
Жарысқа қатысқан оқушылар:
- Нарбутаев Ардақ Талғатұлы 10 «А»
- Нүсіпхан Бағжан Серікханұлы 10 «В»
- Сапар Рамазан Оразалиұлы 10 «В»
- Давлетова Акерке Сагатовна 10 «Ә»
- Жасұзақ Нұрай 10 «Ә»
- Нұрасыл Артықжанов 10 «Ә»
- Тайров Алинур 10 «Ә»
Жарыс барысында оқушылар табиғи және техногендік төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша өз білімдері мен дағдыларын тиімді қолданып, командалық үйлесімділіктің маңызын дәлелдей білді. Қазылар алқасы қатысушылардың дайындық деңгейін, жауапкершілігін және шапшаң шешім қабылдау қабілетін әділ бағалады.Аталған «Жас Құтқарушы» аудандық жарысы мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға мол тәжірибе мен ерекше әсер сыйлады

👁️🗨️