23
сәуір
2026
«Талантты оқушы»
23.04.2026 жылы #180 мектеп-гимназиясында 1-сынып оқушылары арасында «Талантты оқушы» атты байқау өтті 🎉
Байқаудың мақсаты – балалардың өнерін (ән, би, қолөнер, мәнерлеп оқу) көрсетуге мүмкіндік беру, оларды ортаға бейімдеу, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Сонымен қатар, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, шеберлігін шыңдау, шығармашылық қиялын еркін жеткізе білуге баулу көзделді. Бұл шара жас дарындардың өз мүмкіндіктерін танытып, өнерге деген қызығушылығын арттыруға, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа және жан-жақты дамуына үлкен үлес қосты 🌟
Болашаққа нық қадам басатын, ізденімпаз әрі талантты ұрпақ тәрбиелеу – басты мақсатымыз! 👏
