«Жігіт сұлтаны-2026»
2026 жылдың 24 сәуір күні №1 Оқушылар үйінде аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, салт-дәстүрді дәріптеу, сондай-ақ өнерлі, білімді, жан-жақты тұлғаны қалыптастыру болды.
Байқауға №180 мектеп-гимназия атынан 10 «А» сынып оқушысы Қадырхан Абзал Шалхарұлы қатысып, өз өнері мен білімін жоғары деңгейде көрсетті. Қатысушы байқау барысында белсенділік танытып, көрермендер мен қазылар алқасының көңілінен шықты. Нәтижесінде №180 мектеп-гимназиясы арнайы номинациямен марапатталды.
Байқау 4 кезең бойынша өтті:1 Таныстыру кезеңі ;2.Қолөнер кезеңі; 3.Сұрақ-жауап кезеңі;4 .Өнер көрсету кезеңі
Әр кезеңде қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілетін, ой ұшқырлығын және сахна мәдениетін көрсете білді. Қазылар алқасы үміткерлердің дайындығын, өнерін және ұлттық құндылықтарды насихаттау деңгейін әділ бағалады.
Аталған «Жігіт сұлтаны 2026» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға мол тәжірибе мен рухани серпіліс сыйлады.