Біз туралы » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Біз туралы
Педагог жұмысқа конкурс арқылы қабылданады
19
тамыз
2022
Педагог жұмысқа конкурс арқылы қабылданады
Білім беру сапасын жақсарту мақсатында білікті және ынталы педагогтерді, жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар бойынша №180 жалпы білім беретін мектеп педагогінің бос және уақытша бос лауазымына тағайындауға конкурс ұйымдастыруда:  Алғашқы әскери технологиялық дайындық пәні мұғалімі.
2026 жылдың 4 маусым күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай №180 мектеп-гимназиясы жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
04
маусым
2026
2026 жылдың 4 маусым күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер
   2026 жылдың 4 маусым күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай №180 мектеп-гимназиясы жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында лагерь тәрбиеленушілері Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Рәміздер» флешмобын орындап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранына деген құрметтерін көрсетті. Оқушылар Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, патриоттық рухтағы мерекелік көңіл-күй
2026 жылдың 3 маусым күні №180 мектеп-гимназиясы жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері «Жаз Дәурен» жазғы ойын алаңы аясында ұйымдастырылған AI SMART CAMP ақылды демалыс алаңына қатысты.
03
маусым
2026
2026 жылдың 3 маусым күні №180 мектеп-гимназиясы жанындағы
  2026 жылдың 3 маусым күні №180 мектеп-гимназиясы жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері «Жаз Дәурен» жазғы ойын алаңы аясында ұйымдастырылған AI SMART CAMP ақылды демалыс алаңына қатысты. Іс-шараға лагерьдің «Достық» және «Қызғалдақ» топтарының тәрбиеленушілері қатысып, жасанды интеллект пен заманауи технологиялар әлемімен танысты. Бағдарлама барысында оқушылар түрлі танымдық және шығармашылық тапсырмаларды орындап, жаңа білім мен тәжірибе жинақтады. Кездесу
2026 жылдың 2 маусым күні №180 мектеп-гимназиясы жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру және заманауи технологиялар туралы білімдерін кеңейту мақсатында робототехника бағыты
02
маусым
2026
2026 жылдың 2 маусым күні №180 мектеп-гимназиясы жанындағы
 2026 жылдың 2 маусым күні №180 мектеп-гимназиясы жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру және заманауи технологиялар туралы білімдерін кеңейту мақсатында робототехника бағыты бойынша іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында лагерь топтарының тәрбиеленушілеріне робототехниканың негізгі бағыттары таныстырылып, заманауи техникалық құрылғылардың жұмыс істеу ерекшеліктері туралы мәліметтер берілді. Оқушылар роботтарды құрастыру және басқару
🌟2026 жылдың 1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №180 мектеп-гимназиясы жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
01
маусым
2026
🌟2026 жылдың 1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай
     2026 жылдың 1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №180 мектеп-гимназиясы жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мерекелік іс-шараға лагерь тәрбиеленушілері, ұстаздар мен қонақтар қатысты. Бағдарлама барысында балалар ән шырқап, би билеп, түрлі қызықты ойындар мен көңілді сайыстарға белсенді қатысты. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі мерекенің сәнін келтіріп, ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, өнер мен білімді қатар
«Қауіпсіздік – басты назарда»
18
мамыр
2026
«Қауіпсіздік – басты назарда»
2026 жылдың 18 мамыр күні Алатау ауданы бойынша 9, 10, 11-сынып оқушыларына арналған «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Жаз мезгіліндегі суға түсу және өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайлардың алдын алу», сондай-ақ «25 мамыр – Соңғы қоңырау және мектеп бітіру кешін өткізу тәртібі» тақырыптарында кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналысты Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы К. Ақмұрзаева жүргізді. Кездесуге Алатау аудандық Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің Ювеналды
«Тату отбасы – бақытты отбасы»👨‍👩‍👧‍👦
15
мамыр
2026
«Тату отбасы – бақытты отбасы»👨‍👩‍👧‍👦
2026 жылдың 15 мамыр күні Отбасы күніне орай №180 мектеп-гимназиясының 1-сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен «Тату отбасы – бақытты отбасы» атты спорттық жарыс өтті 🏃‍♂️👨‍👩‍👧‍👦 Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды. Жарыс барысында қатысушылар түрлі спорттық сайыстарға белсене қатысып, ептілік пен татулықтың үлгісін көрсетті. Әр отбасы көтеріңкі
Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ән ғұмырдың иесі» атты сынып сағаты. 📚✨
14
мамыр
2026
Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ән ғұмырдың иесі»
2026 жылдың 14 мамыр күні №180 мектеп-гимназиясында Қазақстанның белгілі ақыны, композиторы және драматургі Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ән ғұмырдың иесі» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысып, өнегелі өмір жолы туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар, шығармаларынан үзінділер оқылып, тәрбиелік мәні зор ой-пікірлер айтылды. Мақсаты – оқушыларға ұлттық әдебиетімізді насихаттау, ақын шығармашылығын дәріптеу және
🌿✨«Мектеп ауласының оазисі»🌿✨
14
мамыр
2026
🌿✨«Мектеп ауласының оазисі»🌿✨
2026 жылдың 14 мамыр күні №180 мектеп-гимназиясында «Мектеп ауласының оазисі» тақырыбында ландшафт дизайны конкурсы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мектеп ауласын көгалдандыруға қызығушылықтарын арттыру және табиғатты аялауға тәрбиелеу. Аталған конкурсқа 8 сынып қатысты. Қатысушы сыныптар: 9 «А», 9 «Ә», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г», 9 «Ғ», 9 «Д» және 10 «Б» сыныптары. Байқау екі кезең бойынша ұйымдастырылды:  І кезеңде қатысушылар өздерінің дайындаған
№180 мектеп-гимназиясында жоспарға сәйкес сейсмикалық жаттығу өткізілді.🚨✅
14
мамыр
2026
№180 мектеп-гимназиясында жоспарға сәйкес сейсмикалық жаттығу
2026 жылдың 14 мамыр күні сағат 11:00-де №180 мектеп-гимназиясында жоспарға сәйкес сейсмикалық жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында оқушылар мен мұғалімдерге төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, ұйымдасқан түрде эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, білім алушылар жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерді тәжірибе жүзінде пысықтады. Мақсаты – оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезіндегі дайындық деңгейін арттыру, қауіпсіз эвакуациялау
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»
13
мамыр
2026
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»
2026 жылдың 13 мамыр күні №180 мектеп-гимназиясында ата-аналарға «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – ата-аналардың діни сауаттылығын арттыру, жат діни ағымдардың алдын алу және отбасы тәрбиесіндегі рухани құндылықтардың маңызын түсіндіру болды. Ақпараттық жұмыс барысында Алматы қаласы Дін істері басқармасы жанындағы Консультация және оңалту орталығының дінтанушысы, теологы, дінтану магистрі Нармуханов Бахтияр
«Жас қыран» және «Жас сарбаз» қабылдау рәсімі
13
мамыр
2026
«Жас қыран» және «Жас сарбаз» қабылдау рәсімі
№180 мектеп-гимназиясында 13 сәуір күні «Жас қыран» және «Жас сарбаз» ұйымдарына қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Іс-шараға 2-сынып оқушылары «Жас қыран» қатарына, ал 9-сынып оқушылары «Жас сарбаз» қатарына қабылданды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілік пен рухани құндылықтарды дәріптеу болды. Сонымен қатар, жас ұрпақты тәртіптілікке, ұйымшылдыққа және патриоттық рухқа баулу
«9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні»
08
мамыр
2026
«9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні»
№180 мектеп-гимназиясының 2 “Ә” сыныбында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тағылымы мол тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараны сынып жетекшісі Солтанбаева Мадина Далелхановна ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына патриоттық сезім қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет сезімін арттыру, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру болды. Сонымен қатар, жас ұрпақты елін сүюге, тарихи жадыны құрметтеуге және ерлікке тағзым етуге тәрбиелеу көзделді. Тәрбие
«Ерлік дастаны – мәңгілік ел есінде»
08
мамыр
2026
«Ерлік дастаны – мәңгілік ел есінде»
№180 мектеп-гимназиясында 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Ерлік дастаны – мәңгілік ел есінде» атты мерекелік концерт өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына патриоттық рух қалыптастыру, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін дәріптеу, тарихи жадыны сақтау және елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу болды. Сонымен қатар, жас ұрпаққа бейбіт өмірдің қадірін ұғындырып, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру көзделді. Концерттік бағдарламаға 9-сынып оқушылары белсенді қатысты. Іс-шара
«7 мамыр — Отан қорғаушылар күні»
06
мамыр
2026
«7 мамыр — Отан қорғаушылар күні»
2026 жылдың 6 мамыр күні №180 мектеп-гимназиясында 2 «Б» және 2 «Ғ» сынып оқушыларының қатысуымен «7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне» арналған ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар ән айтып, күй тартып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Іс-шараны ұйымдастырушы сынып жетекшілері:2 «Ғ» сынып жетекшісі – Бекмаханбетова Шынар,2 «Б» сынып жетекшісі – Масатбаева Жанерке. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді қалыптастыру,
«Ұрпаққа ұран болған-Ұлы Жеңіс»
05
мамыр
2026
«Ұрпаққа ұран болған-Ұлы Жеңіс»
2026 жылдың 5 мамыр күні №180 мектеп-гимназиясының 2 «А» сыныбында «Ұрпаққа ұран болған-Ұлы Жеңіс» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараны 2 «А» сынып жетекшісі Сабитова Рысты Мурабаевна ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен батырлықты насихаттау, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, бейбіт өмірдің қадірін түсіндіру болды. Сонымен қатар, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, ата-баба ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу
🎉 «Ал қане, жігіттер!» сайысы 💪
04
мамыр
2026
🎉 «Ал қане, жігіттер!» сайысы 💪
№180 мектеп-гимназиясында 4 мамыр күні  3-сынып оқушылары арасында ерекше көңілді әрі тартысты «Ал қане, жігіттер!» атты сайыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойындағы азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мәдениеттілік пен өнерге деген қабілеттерін дамыту болды. Сонымен қатар, оқушыларды жауапкершілікке, батылдыққа, әдептілікке баулу және салауатты өмір салтын насихаттау көзделді. Сайыс барысында қатысушылар өздерінің шапшаңдығын, тапқырлығын, өнері
«Таңғы жаттығу»
01
мамыр
2026
«Таңғы жаттығу»
2026 жылдың сәуір айы бойы №180 мектеп-гимназиясының 7–11 сынып оқушылары арасында әр сейсенбі сайын таңғы жаттығу ұйымдастырылып өткізілді.  Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету, дене белсенділігін арттыру, сергектік пен көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың күнді белсенді бастауларына жағдай жасау. Таңғы жаттығу мектеп ауласында және қолайлы ауа райы жағдайына байланысты арнайы белгіленген алаңда өткізілді. Іс-шараға 7–11 сынып
🌍💧 «Суды үнемде – болашақты сақта»🌍💧
30
сәуір
2026
🌍💧 «Суды үнемде – болашақты сақта»🌍💧
🌍💧 «Суды үнемде – болашақты сақта» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі мен Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің қатысуымен 10–11 сынып оқушыларына арналған эко-сағат өткізілді. 🎯 Мақсаты: суды ұқыпты пайдалану мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру 💙 Су – өмір көзі, оны бірге сақтайық! ​👁️‍🗨️​​​
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 28 Вперед