🌟2026 жылдың 1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №180 мектеп-гимназиясы жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
2026 жылдың 1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №180 мектеп-гимназиясы жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Мерекелік іс-шараға лагерь тәрбиеленушілері, ұстаздар мен қонақтар қатысты. Бағдарлама барысында балалар ән шырқап, би билеп, түрлі қызықты ойындар мен көңілді сайыстарға белсенді қатысты. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі мерекенің сәнін келтіріп, ерекше әсер сыйлады.
Сонымен қатар, өнер мен білімді қатар дамытып, жас өрендердің шығармашылық қабілеттерін шыңдап жүрген «Nursana» спорт, өнер және білім орталығының арнайы қонақтары мерекелік кештің көркін аша түсті. «Golden Stars» би тобы көрермен назарына «Мен қазақпын» және «Нәзіктік вальсі» билерін ұсынып, өз өнерлерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шара барысында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасалды. «Балдәурен» лагерінің алғашқы күні жарқын әсерлерге, қызықты сәттер мен қуанышқа толы өтті.
Аталған іс-шара балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға, шығармашылық белсенділігін арттыруға және достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды.



