«Үздік мектеп парламенті»
2026 жылдың 20 сәуір күні Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен Алатау ауданы мектептері арасында өткен «Үздік мектеп парламенті» республикалық байқауының аудандық кезеңінде №180 мектеп-гимназиясы жүлделі III орын иеленді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, мектеп парламентінің жұмысын жетілдіру, оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттыру болды. Байқау барысында мектеп парламентінің мүшелері өздерінің ұйымшылдығын,