2026 жылдың 4 маусым күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай №180 мектеп-гимназиясы жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
2026 жылдың 4 маусым күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай №180 мектеп-гимназиясы жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында лагерь тәрбиеленушілері Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Рәміздер» флешмобын орындап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранына деген құрметтерін көрсетті. Оқушылар Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, патриоттық рухтағы мерекелік көңіл-күй қалыптастырды.
Сонымен қатар, 1-сынып оқушылары арасында «Жазғы спорт думаны» атты эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысқа «Қыран», «Балауса» және «Балдырған» топтарының тәрбиеленушілері қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын сынға салды. Балалар ұйымшылдық танытып, жарыс кезеңдеріне белсенді қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.
Іс-шараның ұйымдастырушылары: Ермекбаев Рауан Ерсултанович, Сеиткожанов Архат Асхатович, Шертай Дамир Серікбайұлы және Қасымов Ғани Қасымұлы.
Аталған іс-шара тәрбиеленушілердің мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыруға, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықтарын дамытуға бағытталды









