2026 жылдың 3 маусым күні №180 мектеп-гимназиясы жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері «Жаз Дәурен» жазғы ойын алаңы аясында ұйымдастырылған AI SMART CAMP ақылды демалыс алаңына қатысты.

Іс-шараға лагерьдің «Достық» және «Қызғалдақ» топтарының тәрбиеленушілері қатысып, жасанды интеллект пен заманауи технологиялар әлемімен танысты. Бағдарлама барысында оқушылар түрлі танымдық және шығармашылық тапсырмаларды орындап, жаңа білім мен тәжірибе жинақтады.
Кездесу барысында балалардың логикалық ойлау, шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Тәрбиеленушілер өз белсенділіктерін көрсетіп, уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізді.
Аталған іс-шара оқушылардың заманауи технологияларға деген қызығушылығын арттыруға, цифрлық сауаттылықтарын дамытуға және жазғы демалыстарын тиімді ұйымдастыруға бағытталды.