🌿✨«Мектеп ауласының оазисі»🌿✨ » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🌿✨«Мектеп ауласының оазисі»🌿✨
14
мамыр
2026

🌿✨«Мектеп ауласының оазисі»🌿✨

2026 жылдың 14 мамыр күні №180 мектеп-гимназиясында «Мектеп ауласының оазисі» тақырыбында ландшафт дизайны конкурсы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мектеп ауласын көгалдандыруға қызығушылықтарын арттыру және табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Аталған конкурсқа 8 сынып қатысты. Қатысушы сыныптар: 9 «А», 9 «Ә», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г», 9 «Ғ», 9 «Д» және 10 «Б» сыныптары.

Байқау екі кезең бойынша ұйымдастырылды:
 І кезеңде қатысушылар өздерінің дайындаған макеттерін қорғап, жобаларын таныстырды.
 ІІ кезеңде сұрақ-жауап бөлімі өткізіліп, оқушылар өз білімдері мен идеяларын жан-жақты дәлелдеді.

Конкурс барысында оқушылар мектеп ауласын әсемдеу, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында тың идеяларын ұсынып, белсенділік танытты.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар шығармашылық ізденістерімен ерекшеленді.

👁️‍🗨️

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

02 наурыз 2026 Көктем аруы - 2026
27 ақпан 2026 Көктем Аруы - 2026