«Бірлігі жарасқан ел – адал ұрпақ»
2026 жылдың 27 сәуір күні №180 мектеп-гимназиясының 3 «В» сыныбында Бірлік күніне орай «Бірлігі жарасқан ел – адал ұрпақ» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараны 3 «В» сынып жетекшісі Намазбаева Кундызай Смайловна ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға халықтар достығы мен татулықтың маңызын түсіндіру, бірлік пен ынтымаққа тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру болды. Сонымен қатар, оқушылардың өзара сыйластық, достық және адамгершілік қасиеттерін дамыту көзделді.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, ән айтып, түрлі шығармашылық жұмыстар мен танымдық тапсырмалар орындады. Олар еліміздегі ұлттар достығы мен бейбіт өмірдің маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды.
Іс-шара мазмұнды әрі әсерлі өтіп, оқушылардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ашық тәрбие сағаты оқушылардың бірлік пен татулық туралы түсініктерін кеңейтіп, елжандылық қасиеттерін нығайтуға оң әсерін тигізді.