«Дәстүрлі кітап пен цифрлы технология: болашаққа бірге қадам» » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дәстүрлі кітап пен цифрлы технология: болашаққа бірге қадам»
23
сәуір
2026

«Дәстүрлі кітап пен цифрлы технология: болашаққа бірге қадам»

2026 жылдың 23 сәуір күні Ұлттық кітап күніне орай Американдық парламенттік форматында (АПФ) өткен «Даму CUP II» Алатау аудандық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, кітап оқудың маңыздылығын заманауи цифрлы технологиялармен ұштастыру, сондай-ақ жастардың өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізу дағдыларын қалыптастыру болды.

Турнирге мектебіміздің намысын қорғап, 9-шы сынып оқушылары Әділ Айару Мадиярқызы мен Құныпия Айша Нұржанқызы қатысты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты пікірсайыс нәтижесінде арнайы номинациямен марапатталды.

Пікірсайыс турнирі барысында қатысушылар келесі қарарлар бойынша өзара бақ сынасты:
 • Б.П. Соңғы 100 жылдағы үздік ұрпақты көрсетеді;
 • Б.П. Сот үкімін шығару құқығын үкім шығарушы алқадан алып, арнайы жасалған ЖИ жүйесіне береді;
 • Б.П. Еліміздегі қылмысты азайту жолдарын ұсынады;
 • Б.П. “Сәтсіздікке ұшырау – жетістікке жетудің ең жақсы жолы” деген ұстанымды қолдайды;
 • Б.П. TikTok пен Instagram сияқты платформаларды 16 жасқа толмағандарға қолдануға тыйым салу керек деп есептейді;
 • Бұл Палата цифрлы дәуірде жастарды кітап оқуға ынталандырудың жаңа механизмдерін енгізуді жөн көреді;
 • Б.П. ЖИ-дің дамуын тоқтатады;
 • Б.П. Қоғамға рухани жаңғыруға қарағанда экономикалық жаңғыру маңыздырақ деп есептейді.

Турнир барысында оқушылар өздерінің логикалық ойлау, дәлел келтіру, қарсы пікірге жауап беру және көпшілік алдында сөйлеу қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді. Қазылар алқасы қатысушылардың білімін, сөйлеу мәдениетін және пікірсайыс шеберлігін әділ бағалады.Іс-шараның негізгі идеясы – жастарды кітап оқуға баулу, цифрлы технологияларды тиімді пайдалануға үйрету және заманауи қоғамда өз орнын таба алатын білімді, ойлы тұлға қалыптастыру болды.Аталған «Даму CUP II» пікірсайыс турнирі мазмұнды, тартымды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға үлкен тәжірибе мен ерекше әсер сыйлады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: