"Мамандықтар жәрмеңкесі» өтті
"МАМАНДЫҚТАР ЖӘРМЕҢКЕСІ"
Іс-шараның атауы: «Мамандықтар жәрмеңкесі»
Өткізілген күні: 24.04. 2026 жыл
Іс-шара түрі: Кәсіби бағдар беру жәрмеңкесі
Қатысқандар: 9 сынып оқушылары
Мақсаты:Оқушыларға жұмысшы мамандықтар туралы ақпарат беру, олардың кәсіби бағдарын анықтауға көмектесу және еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптерді насихаттау.
Жүргізілген жұмыстар: Іс-шараға қаладағы колледж өкілдері шақырылып, оқу орындары туралы таныстырылымдар өткізілді. Оқушыларға түрлі мамандықтар бойынша ақпараттық материалдар ұсынылды. Әр колледж өздерінің білім беру бағыттарын таныстырып, сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналарға жеке кеңестер беріліп, кәсіби бағдар бойынша бағыт-бағдар көрсетілді. Іс-шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, оқушылардың өнерлері көрсетілді.
Күтілетін нәтиже:Оқушылар мамандық түрлері туралы толық ақпарат алып, өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт алады.
Қорытынды: Іс-шара барысында оқушылар мен ата-аналар мамандықтар туралы жан-жақты мәлімет алды. Колледж өкілдерімен тікелей байланыс орнатылып, кәсіби бағдар беру жұмыстары тиімді жүзеге асырылды. Жәрмеңке өз мақсатына жетті.


