«Наурыз Vibe – Жаңару лебі»
2026 жылдың 18 наурыз күні №180 мектеп-гимназиясының 5 «F» сыныбында «Наурыз Vibe – Жаңару лебі» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеу және рухани жаңару. Сынып жетекшісі Опанова Саягүлдің ұйымдастыруымен тәрбие сағаты барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетті: қазақи нақыштағы әдемі билер орындап, күресіп, асық атып, сахналық қойылымдар арқылы жан-жақтылығын танытты. Салт-дәстүрімізге байланысты ата-аналарға интеллектуалды сұрақтар қойылып,