«Наурыз Vibe – Жаңару лебі» » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Наурыз Vibe – Жаңару лебі»
18
наурыз
2026

«Наурыз Vibe – Жаңару лебі»

2026 жылдың 18 наурыз күні №180 мектеп-гимназиясының 5 «F» сыныбында «Наурыз Vibe – Жаңару лебі» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеу және рухани жаңару.

Сынып жетекшісі Опанова Саягүлдің ұйымдастыруымен тәрбие сағаты барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетті: қазақи нақыштағы әдемі билер орындап, күресіп, асық атып, сахналық қойылымдар арқылы жан-жақтылығын танытты.

Салт-дәстүрімізге байланысты ата-аналарға интеллектуалды сұрақтар қойылып, келген ата-әжелердің баталары мен тілектері тыңдалды. Оқушылар сахнада өзін еркін ұстап, шынайы көңіл-күйін көрсете білді.

Іс-шараның негізгі идеясы – ұлт болашағы білімді әрі өнерлі ұрпақтар арқылы еселеп өссін деген үмітті нығайту. 


👁️‍🗨️​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: