«Үздік мектеп парламенті»
2026 жылдың 20 сәуір күні Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен Алатау ауданы мектептері арасында өткен «Үздік мектеп парламенті» республикалық байқауының аудандық кезеңінде №180 мектеп-гимназиясы жүлделі III орын иеленді.Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, мектеп парламентінің жұмысын жетілдіру, оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттыру болды.
Байқау барысында мектеп парламентінің мүшелері өздерінің ұйымшылдығын, шығармашылық қабілеттерін және белсенділіктерін жоғары деңгейде көрсете білді. Қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша өз жобаларын таныстырып, мектеп өміріндегі маңызды бастамаларды ұсынды.
Аталған байқауға №180 мектеп-гимназиясынан қатысқан оқушылар: Кеңесбек Айбек, Исаханова Сезім Өтегеновна, Ерғали Алия, Сәлімжан Айша Алтайқызы, Серікқазы Еділ Болатұлы. Оқушылар өз өнерлері мен білімдерін көрсетіп, жүлделі орынға ие болды.
Жетекшісі: аға-тәлімгер Бақытбекова Арайлым Айдынқызы.
Іс-шара мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Оқушылар тәжірибе алмасып, өзара ынтымақтастықтарын нығайтып, көшбасшылық дағдыларын дамытты.

👁️🗨️