Іс-шаралар » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Іс-шаралар
Білімді ұрпақ – болашақ кепілі» тақырыбындағы бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті.
26
қаңтар
2026
Білімді ұрпақ – болашақ кепілі» тақырыбындағы бастауыш сынып
⚜️⚜️⚜️26.01.2026 жылы «Білімді ұрпақ – болашақ кепілі» тақырыбындағы бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті.  Мақсаты:  білім алушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және білімнің құндылығын насихаттау. Ашылу салтанаты барысында оқушылардың білімге деген сүйіспеншілігін арттыратын ән-жырлар, тақпақтар, би композициялары мен заманауи ойын элементтері ұсынылады.
Қысқы көңілді сәттер ⛸️❄️
26
қаңтар
2026
Қысқы көңілді сәттер ⛸️❄️
Қысқы көңілді сәттер 5 «Ғ» сыныбы оқушылары сынып жетекшісімен бірге «Құшақташы, мама» киносына барып, мазмұнды әрі әсерлі фильмді тамашалады. Кино оқушыларға мейірім, отбасы құндылығы жайлы ой салды. Сондай-ақ балалар коньки теуіп, қыс қызығын бірге бөлісіп, таза ауада сергіп, көтеріңкі көңіл күймен қайтты. Мұндай бірлескен шаралар оқушылардың достығын нығайтып, сынып ұжымын жақындастыра түседі.  Балалардың шат күлкісі – ең үлкен қуаныш!
«Тәртіпке бағынған ел озады!» Лездеме өтті
22
қаңтар
2026
«Тәртіпке бағынған ел озады!» Лездеме өтті
Лездеме өтті Қаңтар айының 22-сі күні 4 «Г» сыныбында «Тәртіпке бағынған ел озады!» (мектептің ішкі тәртіп ережесі, заңдар мен құқықтарды түсіндіру, жаман әдеттердің алдын алу) тақырыбында лездеме өткізілді.  Мақсаты: оқушыларға мектептегі тәртіп ережелерін түсіндіру, өз құқықтары мен міндеттерін ажырата білуге үйрету, жаман әдеттердің зиянын ұғындыру арқылы жауапкершілікке тәрбиелеу. Лездеме барысында оқушылар тәртіп сақтаудың маңызын түсініп, өзара пікір алмасты.
ЛЕЗДЕМЕ ӨТТІ
13
қаңтар
2026
ЛЕЗДЕМЕ ӨТТІ
📌 ЛЕЗДЕМЕ ӨТТІ Мектебімізде оқушыларға мамандық таңдау бойынша лездеме өтті. Іс-шара барысында әртүрлі мамандықтардың ерекшеліктері таныстырылып, болашаққа саналы таңдау жасау туралы маңызды ақпарат берілді. Лездеменің мақсаты – оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, қызығушылығы мен қабілетіне сай мамандық таңдауға бағыттау. 🎯 Дұрыс таңдау – жарқын болашақ кепілі! #КәсібиБағдар #МамандықТаңдау #Лездеме #БолашақМаман
Сынып сағаттарының тақырыбы: «Бауыржан Момышұлының туғанына – 115 жыл»
22
желтоқсан
2025
Сынып сағаттарының тақырыбы: «Бауыржан Момышұлының туғанына – 115 жыл»
22 желтоқсан 🏫 Алматы қаласы, №180 мектеп-гимназиясында сынып сағаттары өткізілді. 🇰🇿 Сынып сағаттарының тақырыбы: «Бауыржан Момышұлының туғанына – 115 жыл» 📚 Іс-шара барысында оқушылар қазақтың даңқты қолбасшысы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының өмір жолымен, ерлігімен және елге сіңірген еңбегімен танысты. 🎖️ Сынып сағаттарының мақсаты – оқушыларды отансүйгіштікке, батырлыққа, елін сүюге тәрбиелеу, ұлттық рухты нығайту. ✨ Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақтың тарихи санасын
«Мың мамандық бар, талғап таңдап бірін ал» тақырыбында 5 «Д» сыныбымен сынып сағаты өтті.
22
желтоқсан
2025
«Мың мамандық бар, талғап таңдап бірін ал» тақырыбында 5 «Д»
«Мың мамандық бар, талғап таңдап бірін ал» тақырыбында 5 «Д» сыныбымен сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға мамандықтар әлемі туралы түсінік беру, олардың қызығушылығы мен қабілетіне сай болашақ мамандықты таңдауға бағыттау. Іс-шара барысында оқушылар белсенді қатысып, түрлі мамандықтар жайлы ой бөлісті. @edu.almaty  @oqu_agartu_ministrligi  @almatydaryny  @akimat_almaty  @assem.nussupova  @alatau_bilim_bolimi  @akmurzaevakarlygash  @alatau_bilim_bolimi @almaty_mektepteri
Лездеме өтті
19
желтоқсан
2025
Лездеме өтті
Лездеме өтті 📅 19.12.2025 жылы 4-сыныптар арасында 4 «Д» сынып оқушылары лездеме өткізді. Тақырыбы: «Желтоқсан шежіресі – ел мәртебесі» Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, елін сүйген батыр жастардың ерлігін дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Лездеме барысында оқушылар Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын еске алып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.
Мектеп инспекторы: О.А.Балабаев   1–11-сынып оқушыларымен «Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
18
желтоқсан
2025
Мектеп инспекторы: О.А.Балабаев 1–11-сынып оқушыларымен «Жеке
Алматы қаласы  Алатау ауданы  №180 Мектеп гимназия  18.12.2025 ж күні   Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде ,мектеп инспекторы: О.А.Балабаев   1–11-сынып оқушыларымен «Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. (Төбелеске қатысу; әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын келтіру; бопсалау; буллингке (қорлауға) қатысу; адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау, басқа адамды кемсіту — жеке тұлғаға қарсы қылмыстар ретінде сараланады.)
«Менің арманымдағы сурет байқауы» туралы
09
желтоқсан
2025
«Менің арманымдағы сурет байқауы» туралы
Мақсаты:   Білім алушылардың таңдап отырған мамандықтары жайлы түсініктерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылық тұрғыдан армандау, мақсат қоя білу, қиялдау іскерліктерін дамыту. Жұмыс түрі:  сурет байқауы  Қатысқандар:   5-6   сынып оқушылары. Күні:  09 желтоқсан  2025 жыл   Жүргізілген жұмыстар :  №180 мектеп-гимназиясында 5–6 сынып оқушылары арасында «Менің арманымдағы мамандық» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың болашақ мамандық
"Болашақ мамандығым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
24
қараша
2025
"Болашақ мамандығым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
2025 жылдың 24 қараша күні 180 мектеп-гимназиясының 4 «В» сынып оқушыларымен «Менің арманымдағы мамандық» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты:  Оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы түсінік беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағыт беру, болашақ мамандықты саналы таңдауға ынталандыру. Міндеттері:           1.      Оқушыларды түрлі мамандық түрлерімен таныстыру;          2.      Әр мамандықтың қоғамдағы рөлін түсіндіру;          3.      Оқушылардың жеке
«Оқимыз – ұсынамыз» атты кітап оқу челлендж
20
қараша
2025
«Оқимыз – ұсынамыз» атты кітап оқу челлендж
Құрметті ұстаздар, оқушылар және кітапсүйер қауым! Бүгін мектебімізде рухани даму мен білімге бағытталған «Оқимыз – ұсынамыз» атты кітап оқу челленджі басталады. Шараның мақсаты — кітапқа деген қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және оқыған кітаптармен бір-бірімізбен бөлісу. Кітап — ойды дамытатын, тіл байлығын арттыратын, өмірге көзқарас сыйлайтын қазына. Әр оқылған туынды — жаңа білім мен жаңа тәжірибе. Челлендж аясында: – оқыған кітаптарды ұсынамыз; – ұнаған ойлармен, әсерлі
🤝 "Досболlike" достық қолын ұсын"
20
қараша
2025
🤝 "Досболlike" достық қолын ұсын"
🤝 "Досболlike" достық қолын ұсын" акциясы аясында мектеп парламенті оқушыларды бірлікке, сыйластыққа, достықтың қадірін бағалауға шақырды. ☀️ Акция барысында жас көзбасшылар достықтын маңызын айқындап , бір-біріне қолдау көрсетудің , сенім арта білудің, өмірдегі ең құнды   құндылық екенін жеткізді. 💫 Достық -жүректен шыққан шынай сезім, ал достықтын қолын созу- үлкен адамгершіліктің белгісі.
Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі
20
қараша
2025
Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі
180 мектеп -гимназиясында  "Қыз тәрбиесі -ұлт тәрбиесі" тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты - қыз баланың әдебі мен тәрбиесіне қатысты маңызды құндылықтарды талқылау.
“Білім және Мансап – 2025” халықаралық білім көрмесіне қатысты.
19
қараша
2025
“Білім және Мансап – 2025” халықаралық білім көрмесіне қатысты.
2025 жылдың 19 қараша күні 180 мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушылары Атакент көрме орталығында өткен “Білім және Мансап – 2025” халықаралық білім көрмесіне қатысты. Іс-шараның мақсаты:          •        Оқушыларға Қазақстандағы және шетелдегі жоғары оқу орындары туралы толық ақпарат беру;          •        Әр түрлі мамандықтар бойынша бағыт-бағдар ұсыну;          •        Болашақ мамандықты саналы таңдауға мотивация беру;          •        Университет өкілдерімен тікелей коммуникация
"Мектептегі бір күн"
19
қараша
2025
"Мектептегі бір күн"
"Мектептегі бір күн" атты сахналық қойылым байқауында 180 мектеп-гимназиясының мұғалімдерден құралған Жастар командасы  Бас жүлдені жеңіп алды. Бұл байқау Алатау аудандық білім бөлімі мен ұстаз кәсіподағының ұйымдастыруымен өтті.
«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» атты ата-аналар жиналысы өтті 💫
17
қараша
2025
«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» атты ата-аналар жиналысы өтті 💫
«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» атты ата-аналар жиналысы өтті 💫 Бүгін 180 мектеп-гимназиясында ашық есік форматында өткен ата-аналар жиналысы өзара жылы жүзді әңгіме мен пайдалы пікір алмасуға толы болды. Іс-шараның мақсаты – 🟢 Отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту; 🟢 Баланың тұлғалық дамуына ата-ананың әсерін талқылау; 🟢 Тәрбиенің негізгі тірегі – отбасындағы сүйіспеншілік пен түсіністік екенін насихаттау. 📚 Сонымен қатар жиналыс барысында оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі
«Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі»
17
қараша
2025
«Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі»
«Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі» 🌟 Бүгінгі сынып сағатында жауапкершілік қасиетінің маңызын талқыланды. Жауапкершілік – тек міндет емес, ол адамгершіліктің, сенімнің және азаматтық болмыстың көрсеткіші. 🔹 Сабақ соңында келесі қағидаларды ұстану ұсынылды: 1️⃣ Өз оқуыңа жауапкершілікпен қара – сабаққа дайындық, үй тапсырмасын орындау – болашағың үшін жасалған еңбек. 2️⃣ Отбасың алдындағы жауапкершілікті ұмытпа – ата-анаңды сыйла, оларға қолғабыс ет, бұл сенің адами борышың. 3️⃣
Құқықтық тәрбие сағаты ⚖️
11
қараша
2025
Құқықтық тәрбие сағаты ⚖️
🚔 Бүгін 180 мектеп-гимназиясында 5–6 сынып оқушыларына арналған құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі кездесу өтті. Жиынды полиция аға лейтенанты Жұмабеков Мағжан Мәуленұлы және полиция лейтенанты Сағындыков Омар Қайратұлы өткізді. Кездесу барысында оқушыларға: • заңды бұзудың салдары, • мектеп тәртібін сақтау, • қоғамдағы жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті туралы маңызды ақпарат берілді. Мақсат — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу.
15 қараша - Ұлттық валюта күні. Оқушыларға ұлттық валюта -теңге туралы түсінік беру, оның тарихы мен маңызын ұғындыру; Балаларды еңбекқорлыққа ,үнемші
11
қараша
2025
15 қараша - Ұлттық валюта күні. Оқушыларға ұлттық валюта -теңге
Сынып сағат тақырыбы 15 қараша - Ұлттық валюта күні. Оқушыларға ұлттық валюта -теңге туралы түсінік беру, оның тарихы мен маңызын ұғындыру; Балаларды еңбекқорлыққа ,үнемшілдікке тәрбиелеу. ✅ Табиғаттағы және су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Әділдік пен жауапкершілік қасиеттерін дамыту "Менің негізгі құқықтарым мен міндеттерім" білім алушылардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беру. Алматы -таза қала жобасы.   
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі ашылды!
10
қараша
2025
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі ашылды!
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі ашылды! 📚 Бүгін 180 мектеп-гимназияда ұлы ақын Сергей Есениннің 130 жылдығына арналған «Язык. Поэзия. Душа» тақырыбындағы онкүндіктің ашылу шарасы өтті. 🌿 Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, жүректерінен шыққан әсерлі өлеңдерін оқыды. Есенин поэзиясының нәзік сезімге, туған жерге деген сүйіспеншілікке толы терең мағынасы тыңдаушыларды ерекше әсерге бөледі. 💫 Онкүндік аясында әдеби кештер, көрмелер, мәнерлеп
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 25 Вперед