Таңғы саптық жиын "Лездеме" » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Таңғы саптық жиын "Лездеме"
16
қаңтар
2026

Таңғы саптық жиын "Лездеме"

2026 жылдың қаңтар айының 2-аптасында мектепте таңғы саптық жиындар "Лездеме" 8-9-10 сыныптарға сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен   «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» ,«Тәртіп – мектеп айнасы»,"Талап бар жерде тәртіп бар","Тәртіп тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріннің қас жауы" тақырыптарында өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға тәртіптің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, жеке жауапкершілік пен саналы тәртіпке баулу, құқықтық сауаттылықты арттыру, өзара сыйластық пен мәдени мінез-құлықты қалыптастыру. Таңғы жиын барысында оқушылар тақырыпқа байланысты мазмұнды ақпараттар айтып, нақыл сөздер мен өмірлік мысалдар келтіре алды. Тәртіптің ел дамуы мен жеке тұлға қалыптасуындағы рөлі туралы ой қозғалды. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, тәртіп пен жауапкершілік туралы тұжырымдар жасады.
Іс-шараға мектептің әкімшілігі, мұғалімдер және оқушылар қатысып, Таңғы жиындарымыздың тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды деңгейде өткізіліп отырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: