«Оқимыз – ұсынамыз» атты кітап оқу челлендж » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқимыз – ұсынамыз» атты кітап оқу челлендж
20
қараша
2025

«Оқимыз – ұсынамыз» атты кітап оқу челлендж

Құрметті ұстаздар, оқушылар және кітапсүйер қауым!

Бүгін мектебімізде рухани даму мен білімге бағытталған «Оқимыз – ұсынамыз» атты кітап оқу челленджі басталады. Шараның мақсаты — кітапқа деген қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және оқыған кітаптармен бір-бірімізбен бөлісу.

Кітап — ойды дамытатын, тіл байлығын арттыратын, өмірге көзқарас сыйлайтын қазына. Әр оқылған туынды — жаңа білім мен жаңа тәжірибе.

Челлендж аясында:
– оқыған кітаптарды ұсынамыз;
– ұнаған ойлармен, әсерлі эпизодтармен бөлісеміз;
– бір-бірімізді жаңа кітап оқуға ынталандырамыз.

Қатысу оңай: оқыған кітабың туралы қысқаша пікір жазып, достарыңа эстафета жолдайсың. Осылайша үлкен оқырман тізбегі қалыптасады.

Құрметті оқушылар!
Кітап оқу — болашаққа жасайтын ең үлкен инвестиция. Бүгінгі оқығаның ертеңгі жетістігіңе айналады.

«Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы».
Ендеше, бірге оқып, бірге ұсынып, бірге дамыйық!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: