"Болашақ мамандығым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Болашақ мамандығым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
24
қараша
2025

"Болашақ мамандығым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.


2025 жылдың 24 қараша күні 180 мектеп-гимназиясының 4 «В» сынып оқушыларымен «Менің арманымдағы мамандық» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы түсінік беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағыт беру, болашақ мамандықты саналы таңдауға ынталандыру.

Міндеттері:

         1.      Оқушыларды түрлі мамандық түрлерімен таныстыру;

         2.      Әр мамандықтың қоғамдағы рөлін түсіндіру;

         3.      Оқушылардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтауға мүмкіндік беру;

         4.      Балалардың өз ойын еркін жеткізу, сөйлеу, талдау дағдыларын дамыту;

         5.      Мамандық таңдауда жауапкершілік пен мақсат қоюдың маңызын түсіндіру.

Іс-шараның мазмұны: Оқушылар түрлі мамандықтармен танысып, өздері армандайтын мамандықтарды атап, себептерін түсіндірді.

Топтық жұмыс барысында таңдаған мамандықтары бойынша шағын постер жасап, оны қорғап шықты.

Іс-шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт берді.

Іс-шараның нәтижесі:

Сынып сағаты оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың болашақ туралы ойлануына, арман-мұраттарын анықтауына ықпал етті. Оқушылар белсенді қатысып, өз таңдауларын дәлелдеп айтып, топтық талқылауларға қатысып, мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: