“Білім және Мансап – 2025” халықаралық білім көрмесіне қатысты. » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Білім және Мансап – 2025” халықаралық білім көрмесіне қатысты.
19
қараша
2025

“Білім және Мансап – 2025” халықаралық білім көрмесіне қатысты.

2025 жылдың 19 қараша күні 180 мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушылары Атакент көрме орталығында өткен “Білім және Мансап – 2025” халықаралық білім көрмесіне қатысты.

Іс-шараның мақсаты:

         •        Оқушыларға Қазақстандағы және шетелдегі жоғары оқу орындары туралы толық ақпарат беру;

         •        Әр түрлі мамандықтар бойынша бағыт-бағдар ұсыну;

         •        Болашақ мамандықты саналы таңдауға мотивация беру;

         •        Университет өкілдерімен тікелей коммуникация орнату;

         •        Гранттар, қабылдау шарттары, халықаралық бағдарламалар туралы мағлұмат беру.

Іс-шараның мазмұны: Көрме барысында оқушылар түрлі университет павильондарын аралап, ЖОО өкілдерімен сұхбаттасты. Қазақстандық, еуропалық және азиялық университеттер ұсынатын білім беру бағдарламаларымен танысып, бакалавриатқа түсу талаптары мен гранттар жүйесі жайлы ақпарат алды. Шетелде оқу, академиялық ұтқырлық, студенттік өмір, қабылдау емтихандары жайлы кеңестер берілді.

Іс-шараның нәтижесі:

         •        Оқушылар жоғары оқу орындары туралы нақты әрі өзекті мәлімет алды;

         •        Бірнеше оқушы өз болашақ мамандығын айқындап, қызықтырған университеттерді белгілеп шықты;

         •        Гранттар мен халықаралық бағдарламалар жөніндегі білімдері артты;

         •        Кәсіби бағдарлау деңгейі күшейіп, мотивациясы жоғарылады;

         •        Оқушылар еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен танысты.

Бұл іс-шара оқушылардың кәсіби бағыт-бағдарын қалыптастыруға, жоғары оқу орнына дайындығын арттыруға маңызды әсер етті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: