«Менің арманымдағы сурет байқауы» туралы
Мақсаты: Білім алушылардың таңдап отырған мамандықтары жайлы түсініктерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылық тұрғыдан армандау, мақсат қоя білу, қиялдау іскерліктерін дамыту.
Жұмыс түрі: сурет байқауы
Қатысқандар: 5-6 сынып оқушылары.
Күні: 09 желтоқсан 2025 жыл
Жүргізілген жұмыстар: №180 мектеп-гимназиясында 5–6 сынып оқушылары арасында «Менің арманымдағы мамандық» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Мақсаты:
- Оқушылардың болашақ мамандық туралы түсінігін кеңейту;
- Қиялдау және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Өзін-өзі тану, жеке қабілетін анықтау дағдыларын қалыптастыру;
- Мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:
• Оқушылар өз армандарын шығармашылық түрде жеткізе алады;
• Болашақ мамандыққа деген қызығушылық артады;
• Сурет салу дағдылары мен еркін ойлау қабілеті дамиды;
• Мамандықтың әр түріне деген көзқарас кеңейеді.
Қорытынды:Байқау оқушылардың шығармашылық потенциалын ашуға, өз армандарын еркін білдіруге және болашаққа деген сенімін нығайтуға мүмкіндік берді. Жұмыстардың әрқайсысы ерекше идеялармен, талпыныспен және бала қиялымен ерекшеленді.
