Материалы за Сәуір 2025 года » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сәуір 2025 года
“Дұрыс тамақтану ережелері” тақырыбында сынып сағаты өтті.
28
сәуір
2025
“Дұрыс тамақтану ережелері” тақырыбында сынып сағаты өтті.
2025 жылдың 28-ші сәуір күні 3"Ә" сынып оқушыларымен “Дұрыс тамақтану ережелері” тақырыбында сынып сағаты өтті. Бұл сабақта балалар қалай салауатты өмір салтын ұстану, қалай денсаулықты дұрыс күту керектігін түсінді. Мақсаты: оқушыларға “Дұрыс тамақтану ережелер” ұғымын түсіндіру, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуге үйрету, салауатты өмір салтын насихаттау. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік! 
“Театрдың ғажайып әлемі” фестивалінен – жарқын жетістік!
25
сәуір
2025
“Театрдың ғажайып әлемі” фестивалінен – жарқын жетістік!
“Театрдың ғажайып әлемі” фестивалінен – жарқын жетістік! Театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының 8 аудандық кезеңінде мектебіміздің “Шаңырақ” театры “Әдеби-музыкалық композиция” бағыты бойынша II дәрежелі диплом иегері атанды! Бұл жетістік – шәкірттеріміздің таланты мен еңбегінің, жетекшісі Дилтанова Марина Алтаевна жетекшілігінің жарқын нәтижесі. Шығармашылық шабыт пен жаңа белестер тілейміз! 180 мектеп-гимназиясы – өнерлі өрендер ордасы!
Қуанышты жаңалық!
24
сәуір
2025
Қуанышты жаңалық!
Қуанышты жаңалық! Өскемен қаласында өткен Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадада 10 “А” сынып оқушысы Айдар Перизат жүлделі III орын иеленді! Оқушымыздың бұл жетістігі – табандылық пен үздік дайындықтың нәтижесі! Жетекшісі: Дилтанова Марина Алтаевнаға зор алғыс білдіреміз! Сізге шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз! 180 мектеп-гимназиясы мақтанады!
ТАҒЫ БІР ЖЕҢІС!
24
сәуір
2025
ТАҒЫ БІР ЖЕҢІС!
ТАҒЫ БІР ЖЕҢІС! Алматы қаласында өткен “Абайтану” олимпиадасының республикалық кезеңінде 10 сынып оқушысы Айтуған Балжан жүлделі I орын иеленді! Бұл – ұлы Абай мұрасын терең танып, білім мен парасатты бойына сіңірген білімді жастың зор жетістігі! Жетекшісі: Кожакеева Гульзат Умирхановна – еңбегіңізге алғысымыз шексіз! 180 мектеп-гимназиясы мақтанышына айналған Балжанға шығармашылық шабыт, жаңа белестер тілейміз! #Абайтану2025 #ЖасЗияткер #180мектепгимназиясы #ЖеңісҚұттыБолсы
Жетістікке жетелер жол!⚜️⚜️⚜️
22
сәуір
2025
Жетістікке жетелер жол!⚜️⚜️⚜️
⚜️⚜️⚜️Жетістікке жетелер жол!⚜️⚜️⚜️ Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қалалық кезеңінде «Сұлу сөздің сүлейі» бағыты бойынша Тургинбай Маржан II дәрежелі дипломмен марапатталды; “Ілияс-қарасөз шебері” бағыты бойынша Серікқызы Марал - ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. “Ілияс -эпик ақын” бағыты бойынша Айтуған Балжан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетістіктеріміз құтты болсын ⚜️ #ІлиясЖансүгіровОқулары #180мектепгимназиясы #ЖасДарын # #АлматыДарын
“Таза Қазақстан” акциясы аясында гүл егу шарасы.
22
сәуір
2025
“Таза Қазақстан” акциясы аясында гүл егу шарасы.
“Таза Қазақстан” акциясы аясында гүл егу шарасы. Бүгін мектебіміздің ауласында ерекше шара өтті. “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында оқушылар мен мектеп әкімшілігі бірігіп, мектеп ауласын абаттандыру мақсатында гүл отырғызды. Жасыл желек – жарқын болашақ кепілі! Табиғатқа жанашыр болуға шақыратын бұл шара балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Бірлескен еңбектің нәтижесі – әдемі гүлзарлар мен көтеріңкі көңіл-күй! #ТазаҚазақстан #Экология #ГүлЕгу
Бракераж комиссиясы асханасының жұмысына тұрақты түрде бақылауды қамтамасыз ету.
21
сәуір
2025
Бракераж комиссиясы асханасының жұмысына тұрақты түрде бақылауды
Атқарылған жұмыстардың мазмұны: Тексеру күндері:  21 сәуір  2025ж Ас мәзірін тексеру:  күн сайын ұсынылған тағамдар бекітілген мәзірге сәйкестендіріліп, тағамдардың салмағы, дәмі, иісі, сыртқы көрінісі мен температурасы тексерілді. Тамақтың сапасы:  дайындалған тағамдар санитарлық-гигиеналық талаптарға сай, дәмі үйлесімді, сапасы жақсы. Гигиена және санитария:  асхана бөлмесі, құрал-жабдықтар мен қызмет көрсетуші персоналдың сыртқы келбеті мен гигиенасы санитарлық нормаларға сәйкес. Оқушылардың