Көктем Аруы - 2026 » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Көктем Аруы - 2026
27
ақпан
2026

Көктем Аруы - 2026

№180 мектеп-гимназиясында көктем мерекесіне орай 8-сынып оқушылары арасында «Көктем аруы – 2026» атты байқау ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қыз балалардың өнерін, білімін, әдептілігі мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін насихаттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды: қатысушылардың өзін-өзі таныстыруы, өнер көрсетуі, салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап кезеңі, шығармашылық тапсырмалар. Әр қатысушы сахна мәдениетін, тапқырлығын, инабаттылығын және жан-жақтылығын көрсете білді.

Әділқазылар алқасының шешімімен үздік қатысушылар марапатталып, «Көктем аруы – 2026» атағы иесіне табысталды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенді қатысуымен мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор түрде өтті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: