«Сахна сәні-сері жігіт» » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сахна сәні-сері жігіт»
15
сәуір
2026

«Сахна сәні-сері жігіт»

2026 жылдың 15 сәуір күні №180 мектеп-гимназиясында 7–8 сынып оқушылары арасында «Сахна сәні – сері жігіт» атты «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойындағы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сахна мәдениетін қалыптастыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру және жан-жақты дамыған, білімді де тәрбиелі азамат тәрбиелеу болды.

Байқау келесі кезеңдерден тұрды:
 • «Таныстыру» – әр қатысушы өзін таныстырып, өмірлік ұстанымы мен қабілеттерін көрсетті;
 • «Өнерлі ұл – елдің тірегі» – өнер кезеңінде үміткерлер ән айтып, би билеп, түрлі шығармашылық өнерлерін ортаға салды;
 • «Білімді жігіт» – бұл кезеңде қатысушыларға ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр және жалпы білімге қатысты сұрақтар қойылып, олардың ой-өрісі мен білім деңгейі сыналды;
 • «Шебер жігіт» – шеберлік кезеңінде 7–8 сынып оқушылары «Қалдықтан қазына» тақырыбында қалдық заттардан түрлі бұйымдар жасап, өздерінің тапқырлығы мен шығармашылығын көрсетті.

Байқау барысында қатысушылар өздерін түрлі қырынан көрсете білді. Олар сахнада еркін сөйлеп, көрермендермен байланыс орнатып, өз өнерлерін жоғары деңгейде паш етті. Қазылар алқасы қатысушылардың сахна мәдениетін, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін және жалпы дайындығын әділ бағалады.

Іс-шараның негізгі идеясы – ұлттық рухты көтеру, жастарды өнерге, әдептілікке, батылдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу болды. Байқау нәтижесінде үздік қатысушылар анықталып, марапатталды.

Аталған «Сахна сәні – сері жігіт» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі әсерлі өтті. Оқушылар белсенді қатысып, өз қабілеттерін көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

02 наурыз 2026 Көктем аруы - 2026
27 ақпан 2026 Көктем Аруы - 2026