Көктем аруы - 2026
№180 мектеп-гимназиясында 9–10 сынып оқушылары арасында көктем мерекесіне орай «Көктем аруы – 2026» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – қыз балалардың жан-жақтылығын, шығармашылық қабілетін, білімін, өнерін және ұлттық құндылықтарға деген құрметін насихаттау, сахна мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше дайындықпен өтті. Қатысушылар «Таныстыру», «Өнер көрсету», «Сұрақ-жауап», «Шығармашылық кезең» бөлімдері бойынша өз қабілеттерін ортаға салды. Әр ару тапқырлығымен, әдептілігімен, инабаттылығымен және заманауи көзқарасымен ерекшеленді.
Әділқазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған қатысушыға «Көктем аруы – 2026» атағы беріліп, арнайы тәж кигізілді. Жеңімпаз ару салтанатты түрде марапатталып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Байқау мазмұнды, әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор шара ретінде есте қалды. Оқушылардың белсенділігі мен ұйымшылдығы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті.
