«9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні»
№180 мектеп-гимназиясының 2 “Ә” сыныбында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тағылымы мол тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараны сынып жетекшісі Солтанбаева Мадина Далелхановна ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына патриоттық сезім қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет сезімін арттыру, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру болды. Сонымен қатар, жас ұрпақты елін сүюге, тарихи жадыны құрметтеуге және ерлікке тағзым етуге тәрбиелеу көзделді.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар соғыс жылдарындағы ерліктер туралы мәліметтер айтып, мәнерлеп өлеңдер оқыды, патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар, «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» атты бейнеролик көрсетіліп, балалар өз ойларын ашық айтып, белсенділік танытты.
Іс-шара барысында оқушылар тарихи оқиғалар туралы тың мәліметтер алып, майдангерлердің ерлігіне құрмет көрсетті. Тәрбие сағаты әсерлі әрі мазмұнды өтіп, оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Бүгінгі өткен тәрбие сағаты оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойына елжандылық рухын ұялатты. Аталған іс-шара жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, батырлар ерлігін ұмытпауға тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды.

👁️🗨️