«Ғарыш-шексіз әлем»
2026 жылдың 10 сәуір күні №180 мектеп-гимназиясында «Ғарыш – шексіз әлем» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Жадыра Ырысбековна, Жанна Умирхановна, Сымба Мамырәліқызы.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ғарыш әлемі туралы тереңірек мағлұмат беру, олардың ғылымға, зерттеуге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ғарыш кеңістігінің құпияларын таныстыру арқылы танымдық қабілеттерін дамыту болды. Сонымен қатар, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық белсенділігін арттыру көзделді.
Сыныптан тыс іс-шара барысында оқушылар ғарыш, ғаламшарлар, жұлдыздар мен ғарышкерлер туралы қызықты ақпараттармен танысты. Іс-шарада түрлі танымдық тапсырмалар, викториналар, сұрақ-жауап кезеңдері мен ойын элементтері ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Олар өз білімдерін ортаға салып, ғарыш тақырыбы бойынша ойларын еркін жеткізді.
Іс-шараның негізгі идеясы – оқушылардың ғылым мен білімге деген қызығушылығын ояту, ғарыш туралы түсініктерін кеңейту және болашаққа деген сенімін қалыптастыру болды. Сонымен қатар, шара оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, өз ойын ашық айтуына және шығармашылық қабілеттерін дамытуға оң әсерін тигізді.
Аталған сыныптан тыс іс-шара мазмұнды әрі әсерлі өтті. Оқушылар белсенді қатысып, ғарыш әлемі туралы жаңа мәліметтер алды. Іс-шара олардың танымдық қызығушылығын арттырып, ғылымға деген құштарлығын нығайта түсті.

👁️🗨️