«Ұрпаққа ұран болған-Ұлы Жеңіс»
2026 жылдың 5 мамыр күні №180 мектеп-гимназиясының 2 «А» сыныбында «Ұрпаққа ұран болған-Ұлы Жеңіс» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараны 2 «А» сынып жетекшісі Сабитова Рысты Мурабаевна ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен батырлықты насихаттау, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, бейбіт өмірдің қадірін түсіндіру болды. Сонымен қатар, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, ата-баба ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу көзделді.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар Жеңіс күні туралы өлеңдер оқып, әндер орындады. Батырлар туралы мәліметтер айтылып, соғыс ардагерлерінің ерлігі жайлы әңгімелер қозғалды. Сондай-ақ, оқушылар өз ойларымен бөлісіп, Отан қорғаушыларға деген құрметтерін білдірді.Іс-шара барысында түрлі танымдық тапсырмалар мен сұрақ-жауап жұмыстары ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Көрнекі материалдар мен тәрбиелік мазмұндағы мәліметтер арқылы сабақ әсерлі әрі мазмұнды өтті.
Аталған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты оқушыларға ерекше әсер қалдырып, олардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға, патриоттық рухын нығайтуға және Отанға деген құрмет сезімін қалыптастыруға оң ықпал етті.




👁️🗨️