«Сыйынар ем ана деген Тәңірге»
№180 мектеп-гимназиясының 5 «Д» сыныбында «Сыйынар ем ана деген Тәңірге» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушылардың анаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар ана туралы өлеңдер оқып, әндер орындап, сахналық көріністер көрсетті. «Ана – өмір шуағы», «Ананың ақ сүті – баланың парызы» тақырыптарында жүрекжарды ойлар айтылып, ананың бала өміріндегі орны кеңінен түсіндірілді. Оқушылар анаға деген алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Тәрбие сағаты мазмұнды әрі әсерлі өтті. Шара барысында үлкенге құрмет, ата-анаға ізет көрсету, отбасы бірлігін сақтау сияқты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар насихатталды. Ашық тәрбие сағаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігімен ерекшеленді.