«Жас қыран» және «Жас сарбаз» қабылдау рәсімі
№180 мектеп-гимназиясында 13 сәуір күні «Жас қыран» және «Жас сарбаз» ұйымдарына қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Іс-шараға 2-сынып оқушылары «Жас қыран» қатарына, ал 9-сынып оқушылары «Жас сарбаз» қатарына қабылданды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілік пен рухани құндылықтарды дәріптеу болды. Сонымен қатар, жас ұрпақты тәртіптілікке, ұйымшылдыққа және патриоттық рухқа баулу көзделді.Рәсім барысында оқушылар ұйым қатарына қабылдану антын қабылдап, өздерінің Отан алдындағы жауапкершіліктерін сезіне білді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар ерекше әсер алды.
«Жас сарбаз» ұйымына жауапты жетекші – АӘД пән мұғалімі Игимбетов Серік Амангельдиевич. Жетекшінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл шара оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтып, олардың бойындағы батылдық пен елжандылық қасиеттерін дамытуға оң ықпал етті.Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.




👁️🗨️