«Ерлік сабағы»
2026 жылдың 15 сәуір күні №180 мектеп-гимназиясында 9–10 сынып оқушыларының қатысуымен «Ерлік сабағы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараны АӘД пәнінің мұғалімі Игимбетов Серік Амангельдиевич ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ерлік пен батылдықтың маңызын түсіндіру болды. Сонымен қатар, жас ұрпақты төзімділікке, жауапкершілікке және қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдай білуге баулу көзделді.
Сабақ барысында оқушылар арнайы әскер қызметкерлерінің таулы аймақтарға шыққанда қолданатын құрал-жабдықтарымен таныстырды. Олар әр заттың атқаратын қызметін түсіндіріп, оның маңыздылығына тоқталды. Бұл көрнекілік оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың әскери салаға деген танымын кеңейтті.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Практикалық бағыттағы мәліметтер арқылы сабақ мазмұнды әрі әсерлі өтті.
Аталған «Ерлік сабағы» оқушыларға ерекше әсер қалдырып, олардың патриоттық сезімін оятуға, елін қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға оң ықпал етті.

👁️🗨️