🎉 «Ал қане, жігіттер!» сайысы 💪
№180 мектеп-гимназиясында 4 мамыр күні 3-сынып оқушылары арасында ерекше көңілді әрі тартысты «Ал қане, жігіттер!» атты сайыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойындағы азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мәдениеттілік пен өнерге деген қабілеттерін дамыту болды. Сонымен қатар, оқушыларды жауапкершілікке, батылдыққа, әдептілікке баулу және салауатты өмір салтын насихаттау көзделді.
Сайыс барысында қатысушылар өздерінің шапшаңдығын, тапқырлығын, өнері мен білімін ортаға салды. Әр кезеңде оқушылар белсенділік танытып, түрлі тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шара барысында оқушылар нағыз жігітке тән қасиеттерін көрсетіп, өзара достық пен сыйластықтың үлгісін таныта білді. Тартысты өткен сайыс көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, тәрбиелік мәні жоғары іс-шаралардың бірі болды.
Аталған «Ал қане, жігіттер!» сайысы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, олардың бойындағы батылдық, ұйымшылдық және жауапкершілік қасиеттерін дамытуға оң ықпал етті. Осындай тағылымы мол іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.








👁️🗨️