«Ерлік дастаны – мәңгілік ел есінде» » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ерлік дастаны – мәңгілік ел есінде»
08
мамыр
2026

«Ерлік дастаны – мәңгілік ел есінде»

№180 мектеп-гимназиясында 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Ерлік дастаны – мәңгілік ел есінде» атты мерекелік концерт өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына патриоттық рух қалыптастыру, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін дәріптеу, тарихи жадыны сақтау және елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу болды. Сонымен қатар, жас ұрпаққа бейбіт өмірдің қадірін ұғындырып, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру көзделді.

Концерттік бағдарламаға 9-сынып оқушылары белсенді қатысты. Іс-шара барысында соғыс жылдарындағы ерлік пен батырлықты бейнелейтін әсерлі көріністер қойылып, патриоттық әндер орындалды. Оқушылар өз өнерлері арқылы майдангерлердің қайсарлығын, елге деген сүйіспеншілігін әсерлі жеткізе білді.

Мерекелік кеш барысында оқушылар сахналық мәдениет пен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Сонымен қатар, көрермендерге соғыс жылдарындағы тарихи оқиғалар туралы тағылымды мәліметтер беріліп, батырлардың ерлігіне құрмет көрсетілді.

Аталған мерекелік концерт мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Іс-шара оқушылардың патриоттық сезімін нығайтып, ел тарихына деген құрметін арттыруға оң ықпал етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: