06
мамыр
2025
«Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс» атты мерекелік концерт
6 мамыр № 180 мектеп –гимназиясында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай 9 сынып жетекшілері мен оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс» атты мерекелік концерт өтті. Концерт барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Көрермендерге театрландырылған және музыкалық қойылымдар, соғыс жылдарындағы әндер мен патриоттық шығармалар ұсынылды.
Мерекелік іс шараға қатысқан қонақтар: Германиядағы Кеңес әскерлері қоғамының ардагерлері Рамазанов Такен Сейфулдаұлы., Толбаев Оразгали Раманқұлұлы., Суанбеков Мурат Асылкадырұлы., Байзаков Курмангазы ағаларымыз Отан қорғаушылар күнімен және Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, Отан үшін от кешіп, Жеңістің туын желбіреткен майдангер ата-бабаларымыздың ерліктеріне алғыс білдіріп, сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның айбынды мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Ұлы Жеңіс – бұл тарихи оқиға ғана емес, ол батылдықтың, рух күшінің және Отанға деген сүйіспеншіліктің символы. Ал батыр ата-бабаларымыздың ерлігін құрметтеу оны ұрпақтан ұрпаққа насихаттау – бізге міндет.