«Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні» » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні»
07
сәуір
2026

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні»

07.04.2026 жылы №180 мектеп-гимназиясында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай мектеп оқушылары арасында спорттық жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру, спортқа деген қызығушылықты қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың ұйымшылдық, ептілік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту болды.

Спорттық жарыс мектеп оқушыларының белсенді қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жарыс барысында оқушылар әртүрлі спорттық сайыстар мен қимылды тапсырмаларға қатысып, өздерінің жылдамдықтарын, икемділіктерін және төзімділіктерін көрсете білді. Іс-шара оқушылардың көтеріңкі көңіл күйде болып, бос уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік берді.

Аталған спорттық жарыстың негізгі идеясы – оқушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру және дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықтарын арттыру болды. Сонымен қатар, жарыс оқушылардың бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатуына, тәртіпке бағынуына және топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға оң әсерін тигізді.

Іс-шара мазмұнды әрі тартымды өтті. Оқушылар спорттық жарысқа белсенді қатысып, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын терең түсіне білді. Іс-шараны дене шынықтыру бірлестігі ұйымдастырды.




👁️‍🗨️​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: