Жақсылық жасап жарысайық » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жақсылық жасап жарысайық
12
наурыз
2026

Жақсылық жасап жарысайық

12.03.2026 жылы №180 мектеп-гимназиясының сынып жетекшісі Жумагельдина Майра Амиргалиевна 10 «А» сынып оқушыларымен және аға тәлімгер Бақытбекова Арайлыммен бірге Алматы қаласында орналасқан «Золотые годы» қарттар үйіне барып, ата-әжелеріміздің көңілін көтеріп қайтты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойына үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қасиеттерін қалыптастыру, қарттарға қамқорлық танытып, мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу.

Кездесу барысында оқушылар өлең шумақтарын оқып, ізгі тілектері мен алғыстарын білдірді. Сонымен қатар күй орындалып, хормен «Ана» және «Асыл әжем» әндері шырқалды. Оқушылар өз аттарынан тәтті тағамдар әкеліп, дастархан жайды.

Ата-әжелеріміз бен қарияларымыз оқушылардың өнері мен ықыласына ерекше қуанып, ақ баталарын берді. Осындай жылы жүздесу баршамыздың жүрегімізге мейірім мен қуаныш сыйлады. 

👁️‍🗨️​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: