19
қаңтар
2026
«Заң мамандықтары» тақырыбында танымдық кездесу өтті
«Заң мамандықтары» тақырыбында танымдық кездесу өтті
№180 мектеп-гимназиясында 2026 жылғы 19 қаңтар күні «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Заң мамандықтары» тақырыбында танымдық кездесу ұйымдастырылды.
оқушыларды құқық қорғау саласындағы мамандықтармен таныстыру, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру, болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылықты қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Аталған іс-шараға Алматы қаласы Алатау ауданының аға прокуроры Абильмажинова Қуаныш Айтжановна, Алматы қаласы Алатау ауданы Полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Жақып Айдос Оналбекұлы, учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Мукашев Олжас Рахымбаевич, сондай-ақ Ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкері, полиция майоры Балабаев Олжас Адильбайұлы қатысты.
Кездесу барысында мамандар құқық қорғау саласындағы мамандықтар, олардың қызмет ерекшеліктері мен жауапкершілігі туралы мазмұнды ақпарат беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты әрі нақты жауаптар ұсынылды.


