16
ақпан
2026
"Әжем - өмір шуағы"
№180 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Әжем – өмір шуағы» атты тәрбиелік мәні зор кездесу кеші өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қасиеттерін қалыптастыру және әжелер өнегесі арқылы рухани тәрбие беру. Кездесу барысында ақ жаулықты әжелерімізбен сырлы сұхбат ұйымдастырылып, олардың өмір жолы, бала тәрбиесіндегі тәжірибесі мен тағылымды әңгімелері тыңдалды. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, әжелердің ақыл-кеңестерін алды.
