«Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» тақырыбында сынып сағаты » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» тақырыбында сынып сағаты
04
қазан
2022

«Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» тақырыбында сынып сағаты

04.10.2022 жылы «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» тақырыбында сынып сағаты өтілді. Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру. Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты, қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту. Оқушыларды ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында қарияларды қазан айының алғашқы мерекесі қариялар мерекесімен құттықтады. Оқушылар қарияларға арнап мәнерлеп өлеңдер оқыды, әсем әндер шырқады, көрініс көрсетілді. Қазақтың ұлттық аспаптары домбыра, қобызбен күй шертілді. Қонаққа келген қариялар оқушыларға ақ батасын берді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: