кәсіби бағдар беру экскурциясы
Әзірбайжан республикасының жоғары
оқу орындарының көрмесі
Мақсаты: Оқушыларға шетелдік жоғары оқу орындарының білім беру мүмкіндіктері туралы ақпарат беру, мамандық таңдауда бағыт-бағдар көрсету және кәсіби бағдарын қалыптастыру.
Өткізілген орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында
Жұмыс түрі:кәсіби бағдар беру экскурциясы
Қатысқандар: 11 сынып оқушылары
Күні: 2026 жылдың 07 сәуір
Жүргізілген жұмыстар: Көрмеге мектебіміздің 11-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушылар Әзербайжан Республикасының жоғары оқу орындары ұсынған білім беру бағдарламаларымен танысты. Әртүрлі мамандықтар бойынша толық мәлімет алып, оқу шарттары, грант мүмкіндіктері және қабылдау талаптары жөнінде ақпарат алды. Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған бағыттар бойынша мамандармен тікелей байланыс орнатты.
Мұндай кездесулер оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Қорытынды: Аталған іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға оң әсерін тигізді. Түлектер өз болашағын жоспарлауға мүмкіндік алып, шетелде білім алу жолдары туралы нақты түсінік қалыптастырды. Мұндай кездесулер оқушылардың саналы таңдау жасауына ықпал етеді.