кәсіби бағдар беру экскурциясы » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » кәсіби бағдар беру экскурциясы
13
сәуір
2026

кәсіби бағдар беру экскурциясы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 

филиалдарының көрмесі


Мақсаты: Оқушыларға жоғары оқу орнының филиалдары мен білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат беру, мамандық таңдауда бағыт-бағдар көрсету және кәсіби бағдарын қалыптастыру. 

Өткізілген орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында

Жұмыс түрі:кәсіби бағдар беру экскурциясы 

Қатысқандар: 10 сынып оқушылары

Күні: 2026 жылдың 13 сәуір

Жүргізілген жұмыстар: Көрмеге мектептің 10 - сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушылар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалдары ұсынған білім беру бағдарламаларымен танысты. Әртүрлі мамандықтар бойынша мәлімет алып, оқу шарттары, қабылдау талаптары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат алды. Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған бағыттар бойынша мамандармен сұхбаттасып, сұрақтарына жауап алды 

Мұндай кездесулер оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Қорытынды: Аталған көрме оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға ықпал етті. Түлектер өздерінің болашақ мамандығын таңдауда нақты бағыт алып, жоғары оқу орындары туралы түсініктерін кеңейтті. Мұндай іс-шаралар оқушылардың саналы шешім қабылдауына үлкен мүмкіндік береді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: