17
сәуір
2025
«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖӘРМЕҢКЕСІ» іс-шарасы
Іс-шара атауы: «Жұмысшы мамандықтар жәрмеңкесі»
Өткізілген орны: Алматы қаласы, 180 мектеп-гимназиясы
Күні: 2025 жыл 17 сәуір
Мақсаты: Оқушыларды сұранысқа ие жұмысшы мамандықтармен таныстыру, кәсіптік білімнің маңызын түсіндіру және оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауға бағыт беру.
Жүргізілген жұмыстар: 2025 жылдың – Жұмысшы жылы аясында ұйымдастырылған бұл жәрмеңке 9-сынып оқушыларына арналған. Іс-шараға Алматы қаласының 14 колледжінен өкілдер келіп, түрлі жұмысшы мамандықтар бойынша ақпарат берді. Колледж мамандары кәсіптік бағдар беру, оқу бағдарламалары, гранттар мен қабылдау шарттары туралы баяндады.
Оқушылар мамандықтар туралы сұрақ қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Жәрмеңке аясында мектеп оқушыларының орындауындағы ән, би, күй секілді өнер көрсетілімдері де ұйымдастырылып, іс-шараны әсерлі етті.
Нәтижесі:Оқушылар жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңызын түсініп, өз қызығушылықтары мен бейімділіктеріне сай бағыт-бағдар алды. Іс-шара оқушылардың болашақ таңдауына оң ықпал етті.


