Ата-аналарға » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарға
Мектепішілік жеңімпаздарын марапаттау!
11
қараша
2025
Мектепішілік жеңімпаздарын марапаттау!
180 мектеп-гимназияда 5-6 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. ✨ Үздік нәтижелер көрсеткен оқушылар дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! #МектепішілікЖеңімпаздар #Олимпиада #Марапаттау #180мектепгимназия
«Әжелер- қазақи тәлім-тәрбиенің қайнар көзі»  атты тәрбиелік-танымдық кездесу
29
қараша
2024
«Әжелер- қазақи тәлім-тәрбиенің қайнар көзі» атты тәрбиелік-танымдық
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2024 жылы 29 желтоқсан күні 180 мектеп- гимназияда «Әжелер мектебі» жұмысын жандандырылып, «Әжелер- қазақи тәлім-тәрбиенің қайнар көзі»   атты тәрбиелік-танымдық кездесу өткізілді.  Мақсаты; қыз бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізу және оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыру.  Кездесу барысында «Әжелер клубының» жетекшісі Абдрасулова Бақыт Турдалиевна кездесуге келген ақ жаулықты әжелерге алғысын айтты.
"Мен көшбасшымын" мектеп парламенттерінің аудандық слеті өткізілді.
27
қараша
2024
"Мен көшбасшымын" мектеп парламенттерінің аудандық слеті өткізілді.
2024 жылы 27 қараша күні 180 мектеп-гимназияның «Өзін-өзі басқару» ұйымының Вице-министрі Ахметқан Есмахан Төлегенұлы, Алматы қаласы білім басқармасының "Алматы дарыны" орталығы 2024 жылғы мектеп парламенттері көшбасшыларының аудандық кезеңінен өтіп қалалық слетіне жолдама алды.  Слеттің мақсаты: азаматтық қоғамды дамытуда қоғамдық өзін өзі басқару органдарын - мектеп парламенттерді дамыту және нығайту, қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін алаң құру.
«Буллингтен қорған!»
25
қараша
2024
«Буллингтен қорған!»
2024 жылы 25 қараша күні Алатау ауданы Ювеналды полиция инспекторы Ғалымжан Әбенмен мектептің ішкі тәртібін сақтау, оқушылардың тәртіптік жауапкершілігін арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын түсіндіру мақсатында ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында оқушыларға құқықбұзушылықтың түрлері, олардың салдары, сондай-ақ мектеп ішінде тәртіп сақтау және өзара құрмет көрсету маңыздылығы туралы ақпараттар берілді.
SMART BALA жобасы аясында «Starup» байқауы өткізілді.
22
қараша
2024
SMART BALA жобасы аясында «Starup» байқауы өткізілді.
2024 жылдың 22 қараша  күні №180 мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие» баідарламасы аясында Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Start-UP» жобасы «Кәсіптік жәнебизнес» байқауы өтті.   Байқау мақсаты – жастардың кәсіби дамуын ынталандыру және  қолдау көрсету, сонымен қатар ғылыми әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін ашу, еліміздегі ғылым саласындағы жастардың үлесін арттыру. Қазақстанда бизнесті дамыту бойынша жылына шамамен оннан астам акселерация бағдарламасы өткізіледі. Алайда
"Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
19
қараша
2024
"Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс" тақырыбында сынып сағаты
19.11.2024 жылы №180 мектеп-гимназиямызда 4 сынып оқушыларымен"Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс"тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға адалдық, еңбексүйгіштік және адал еңбек арқылы жетістікке жету жолдарын түсіндіру, қоғамға адал қызмет ету, өз еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарау арқылы, жауапкершілікке тәрбиелеу. Жауапты мұғалім: Бақтыбек Ж. 
Дебат қозғалысы, ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ жобасы аясында «Зияткерлік ойындар»
08
қараша
2024
Дебат қозғалысы, ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ жобасы аясында «Зияткерлік ойындар»
2024 жылдың 08 қараша күні №180 мектеп-гимназияның аға тәлімгері Ш.О.Жолсейтова және «Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен 9-10 сыныптар арасында «Ұшқыр ой алаңы» мектеп дебаты өтті. Сөзге шешен ойы ұшқыр бүгінгі сайыстың қатысушылары: 9 «Г» сыныбы Сеилханова  Айгерім,   9 «Г» сыныбы Ахметхан Балжан, 10 «В» сыныбы Ахметхан Есмақан, Исмаилова Бибінұр. Бүгінгі қарастырған қарар «Үш тұғырлы тіл саясаты тиімді деп есептейді». Тиімді тұстары жайлы Үкімет мүшесі баяндады. Тиімсіз тұстарымен
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығы
03
мамыр
2024
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27
"Психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін бекіту туралы"  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығы
«Мағжан   оқулары» ғылыми-шығармашылық   байқауының  «Жасынан оқу оқып,өнер қуған....»ғылыми жоба жұмысы»
24
сәуір
2024
«Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының «Жасынан оқу
⚜️Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында аудандық 📚 «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының «Жасынан оқу оқып,өнер қуған....»ғылыми жоба жұмысы» номинациясында мектебіміздің 9 сынып оқушысы Базан Айша 🥇орын иеленіп, қалаға жолдама алды. Жетекшісі: Таңатарова Алтын Тастыбайқызы
«Абай  оқулары» байқауының   «Абайдың қарасөздері»
24
сәуір
2024
«Абай оқулары» байқауының «Абайдың қарасөздері»
⚜️Абай оқуларының негізі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында қалалық 📚 «Абай оқулары» байқауының «Абайдың қарасөздері» номинациясында мектебіміздің 9 сынып оқушысы Айтуған Балжан 🥇орын иеленіп, республикаға жолдама алды. Жетекшісі: Кожакеева Гулзат Умирхановна
Алатау ауданы қорғаныс істер жөніндегі басқарма бастығымен кездесу өткізілді.
16
сәуір
2024
Алатау ауданы қорғаныс істер жөніндегі басқарма бастығымен кездесу
Өскелең ұрпаққа әскери патриоттық тәрбие беріп, ұлттық рухты бойына сіңіру басты міндет. Осы орайда 2024 жылы 16 сәуір күні мектебімізде Алатау ауданы қорғаныс істер жөніндегі басқарма бастығы Мұратбек Ержігіт Ықыласбекұлы, Алатау ауданы ҚІЖБ инспекторы Елбосинов Қайрат Игиликовичпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 10-11 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты; оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тарихын білуге тәрбиелеу, елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық
«ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсының аудандық кезеңі
10
сәуір
2024
«ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсының аудандық кезеңі
«ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсының аудандық кезеңінің "Туған  өлке  табиғаты" 1 бағыттына  қатысып, Рақыш  Ұлболсын  🥇*I орын алып,  ҚАЛАҒА   жолдама алды.  Жетекшісі:    Бану Абикенова  "Таза қала сізден басталады" 4 бағыт  бойынша  Нұргелді  Әдемі  II орын  алды.   Жетекшісі:   Динара Дәлелхановна
"АЛМАТЫ - БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ"
09
сәуір
2024
"АЛМАТЫ - БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ"
 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтеді. Қаланың барлық ауданын қамтитын науқанға Алматының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алады. «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау. Науқан 4 негізгі кезеңге бөлінген: 1.    «Біздің қала
«І.Жансүгіров  оқулары»  байқауының  аудандық кезеңі
09
сәуір
2024
«І.Жансүгіров оқулары» байқауының аудандық кезеңі
Оқушылар  арасында І.Жансүгіров  шығармаларын насихаттау,  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,  эстетикалық талғамдарын, тума  талант,  табиғи дарындыларын анықтау  мақсатында  «І.Жансүгіров  оқулары»  байқауының  аудандық кезеңіне  қатысып, 10 сынып  оқушысы   Ақан Аружан, Тургинбай Маржан  I орынды  иеленіп, ҚАЛАҒА  жолдама  алды. Жетекшілері:  Кожакеева Гүлзат Умирхановна,  Ахметова Құралай Әбдіназарқызы     Қазбек  Нурила  II  орын  алды.  Нұргелді Әдемі  диплом  алды.  Жетекшісі: 
9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың  қалалық  кезеңі
08
сәуір
2024
9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық
9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың  қалалық  кезеңін қатысып,   11 «А» сынып оқушысы    Бейсенкулова Карина  II  орын  алды.  Жетекшісі: Дилтанова  Марина  Алтаевна 9 «Б»   сынып Карибозова   Анеля    диплом алды.  Жетекшісі: Хасенова Айжан Турсынгазиновна
Қ.Бітібаева атындағы  қазақ  тілі әдебиеті  пәнінен 9-11 сынып оқушыларына  арналған  Республикалық олимпиаданың аудандық  кезеңі
08
сәуір
2024
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі әдебиеті пәнінен 9-11 сынып
Оқушылардың  зияткерлік және  шығармашылық қабілеттерін  дамыту   мақсатында  2024  жылдың  4 сәуір  күні  Қ.Бітібаева атындағы  қазақ  тілі әдебиеті  пәнінен 9-11 сынып оқушыларына  арналған  Республикалық олимпиаданың аудандық  кезеңі  өтті.   Олимпиадаға  9 «А  сынып оқушысы  Бақкелді Ақнұр  қатысып, I орын  алып  ҚАЛАҒА жолдама  алды.  Жетекшісі:   Дилтанова  Марина  Алтаевна
Қамқоршылық кеңес отырысы
05
сәуір
2024
Қамқоршылық кеңес отырысы
2024 жылы 05 сәуір күні №180 жалпы білім беретін мектепте Қомқоршылық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Мақсаты – білім беру мекемесінің дамуына қолдау жасау, қала аумағында жұмыс істейтін басқа ұйымдармен оның байланысын нығайту. Қамқоршылық кеңес төрайымы Мұхамеджанова Ұлман Жумагазиевна кеңес мүшелеріне аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушылардың сандық мәліметін алып, қамқоршылық кеңес мүшелері тарапынан демеушілер тартып көмек көрсетуге ат салысатындығын жеткізді. Сонымен қатар
1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
01
сәуір
2024
1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
📆 Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады