«Әке – асқар тау, бала – оның баурайындағы бұлақ» » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әке – асқар тау, бала – оның баурайындағы бұлақ»
04
ақпан
2026

«Әке – асқар тау, бала – оның баурайындағы бұлақ»

№180 мектепте 7-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Әке – асқар тау, бала – оның баурайындағы бұлақ» атты әкелермен кездесу кеші өтті. Іс-шараға 7-сынып оқушылары мен олардың әкелері қатысты. Кездесу кеші әкелердің отбасындағы, бала тәрбиесіндегі рөлін дәріптеуге арналды. Шара барысында оқушылар әке туралы әндер орындап, өлең шумақтарын оқыды, сондай-ақ әсерлі би қойылымдарын ұсынды. Әкелер мен балалар арасындағы жылы қарым-қатынас, өзара сыйластық айқын көрініс тапты.

Мақсаты: Әкенің отбасындағы және бала өміріндегі маңызын насихаттау; Оқушылардың ата-анаға, әсіресе әкеге деген құрметін арттыру; Әкелер мен балалар арасындағы рухани байланысты нығайту; Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: