«Мектебім,саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектебім,саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын
24
мамыр
2025

«Мектебім,саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын

Алатау ауданы № 180 мектеп –гимназиясында 24 - мамыр күні сағат 9:00 де «Мектебім,саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын өткізілді. Биылғы 2024-2025 оқу жылындағы соңғы қоңыраудың басты ерекшелігі: Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен және еліміздегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту институты Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерей тойымен тұспа-тұс келді. Салтанатты жиында мемлекетіміздің туы шығарылып, әнұранымен шымылдығы ашылды. Шараға ата-аналар, ұлағатты ұстаздар қауымы сонымен қатар, ардагер ұстаздар: Мауленова Фарида Абылхановна, Еденбаева Патима Дөненбековна қатысты. Мектеп –гимназия басшысы Дәулетбек Ләззат Байшымырқызы биылғы оқу ордасының жетістіктерімен бөлісіп, мектептің жаңа мәртебеге ие болғаны мектепке «мектеп-гимназияна» мәртебесі берілгендігі туралы айтып өтті. Осы оқу жылында Республикалық көлемінде жеткен жетістіктерімен оқушыларды және мұғалімдерді марапаттап өтті. Сонымен қатар, ұстаздар мен ата-аналар қауымына жылы лебізін білідіріп, түлектерге ақ жол тіледі. Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтарымызда мектеп ұжымына, жас түлектерге бата-тілектерін білдіріп жатты. Мектеп өмірінде оқушыларымен бірге қызығы мен толқуға толы сәттерді қатар көрген сынып жетекшілері шәкірттеріне жылы лебіздерін әсем ән шумақтарымен жолдап, түлектер өздеріне 11 жыл бойы білім берген мұғалімдеріне, алтын ұя мектебіне қоштасу сәттегі жүрекжарды тілектерін, әнмен, өлеңмен, қоштасу вальсімен жеткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: