"Мәуелі мекеніме 10 жыл" » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мәуелі мекеніме 10 жыл"
30
қаңтар
2023

"Мәуелі мекеніме 10 жыл"

2023 жылдың 28 қаңтар күні №180 ЖББ мектепте өткен «Мәуелі мекеніме 10 жыл» атты мерейтойдың ресми-cалтанатты бөлімі мәжіліс залында жалғасын тапты. Мектеп директоры Дәулетбек Ләззат Байшымырқызы сөз алып, жиналған көпшілікті мерейлі мерейтоймен құттықтады. Мектеп басшысы өз баяндамасында мектептің ашылу тарихынан бастап, он жыл аралығындағы мектептің материалдық базасындағы тың өзгерістерге тоқталып өтті. Мектеп тарихындағы елеулі жетістіктер мен мектеп қабырғасынан өзге білім ордаларына басшылық қызметке көтерілген әріптестерімізді, ардагер ұстаздарымызды және мектеп түлектерін өз сөзінде атап өтті. Мерекеге келген әрбір қонаққа сый-құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары ұсынылды. Салтанатты кеш сыйлы қонақтарымыздың құттықтау сөзі мен өнер жұлдыздарының ән шашуына ұласты.
Сонымен қатар шәкірттеріміздің бірі әуелете ән шырқап, енді бірі мың бұрала би билесе, бірі қара домбыраны күмбірлете күй тартып, мерекенің көркін қыздыра түсті.
Кешті тамашалаған көрермен қауым барша өнерпазға дүркірете қол соғып, ризашылықтарын білдіріп, тамаша әсермен қайтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: