"Мәуелі мекеніме 10 жыл" » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мәуелі мекеніме 10 жыл"
30
қаңтар
2023

"Мәуелі мекеніме 10 жыл"

2023 жылдың 28 қаңтар күні №180 ЖББ мектепте өткен «Мәуелі мекеніме 10 жыл» атты мерейтойдағы салтанатты кештің соңында музыка пәнінің мұғалімі А.К. Халиеваның жетекшілігімен мектебіміздің 110 ұстазынан құралған хор «Қазақстаным, алға» әнін орындады. Ұлтжандылық рухта шырқалған ән тыңдарман қауымды тебірентті. Шәкірттеріне білім мен тәрбиені қатар беріп жүрген мектебіміздің ұстаздары өнерден де құралақан еместігін байқатты.
Хор соңы мерекелік отшашуға ұласты.
Жаңа онжылдық – білім берудегі жаңғыру мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал ететін фактордың бірі болды. Келер онжылдықтарда мектебіміз өркениет көшінің сүбелі тұсынан орын алып, жол бастауға қабілетті әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндетін тоқтатпайды. Сондықтан өзіміздің кәсіби саламыз білім беруде жаңалықтың жаршысы болайық. Мәуелі мекеніміздің ғұмыры мәңгілікке жалғассын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: