"Мәуелі мекеніме 10 жыл" » 180 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№180 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 338-39-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-38-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мәуелі мекеніме 10 жыл"
30
қаңтар
2023

"Мәуелі мекеніме 10 жыл"

2023 жылдың 28 қаңтар күні «Мәуелі мекеніме 10 жыл» атты мерейтой барысында әдістемелік пән бірлестіктерінің жұмыс барысы туралы таныстырылым ұйымдастырылды. Таныстырылым барысында пән бірлестігіндегі ұстаздардың және мектеп оқушыларының осы жылдар аралығындағы қол жеткізген жетістіктері баяндалды. Таныстырылымды мектебіміздің үздік оқушылары жүргізді. Халықаралық, республикалық, қалалық және аудандық білім мен өнер, спорт сайыстарында оза шауып, жүзден жүйрік атанған талантты, білімді шәкірттеріміз жетерлік. «Дарынды шәкірт-білікті ұстаздан» дегендей, дарынды оқушыларымыздың биіктен көрінуіне атсалысып жүрген ұстаздарымыздың да ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері жеткілікті. Өзінің білім дағдыларын заман талабына сай ғылыммен ұштастыра білген ұстаздарымыз авторлық бағдарламалар жазып, өз тәжірибелерімен бөлісіп келеді.
Білім нәрімен шәкірттерін ізгілікке, әдептілікке шақыратын ұстаздардың абыройы асқақ болсын! Қиын да қызығы мол білім жолында жеңістің биік шыңында самғай берулеріңізге тілектеспіз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: