«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»
2026 жылдың 13 мамыр күні №180 мектеп-гимназиясында ата-аналарға «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – ата-аналардың діни сауаттылығын арттыру, жат діни ағымдардың алдын алу және отбасы тәрбиесіндегі рухани құндылықтардың маңызын түсіндіру болды.
Ақпараттық жұмыс барысында Алматы қаласы Дін істері басқармасы жанындағы Консультация және оңалту орталығының дінтанушысы, теологы, дінтану магистрі Нармуханов Бахтияр Жомартович ата-аналарға қоғамдағы діни экстремизм мен терроризмнің зияны, оның алдын алу жолдары және жастар тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы ақпарат берді.
Іс-шара ата-аналардың діни сауаттылығын арттыруға және қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудың маңызын түсіндіруге бағытталды.

👁️🗨️